Шоу-бизнес

«Кім ғашық болмады?»: Алтынбек Қоразбаев Мейрамбек Бесбаев туралы шындықты жайып салды (ВИДЕО)

«МузАрт» тобының мүшесі, танымал әнші Мейрамбек Бесбаев «Алғашқы» бағдарламасында жанын қинаған сырқаты туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info

Композитор Алтынбек Қоразбаев та шәкіртіне тіл-көз тиіп, қатты ауырғанын айтты.

-->

«МузАрт» тобының мүшесі, танымал әнші Мейрамбек Бесбаев «Алғашқы» бағдарламасында жанын қинаған сырқаты туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info

Мен кішкентай кезімде тіл, көз дейміз бе, көп ауырдым. Әлі де жетісіп тұрған жоқпын. Екі күннің бірінде қаралып тұруға тура келеді. Ол кезде емшілер де қаптап кетті. Мен өз басым ондайларға сенбейтінмін, бірақ мені 1-2 рет емшілерге апарды, – дейді әнші.

Композитор Алтынбек Қоразбаев та шәкіртіне тіл-көз тиіп, қатты ауырғанын айтты.

Мейрамбектің артынан шырылдап жүгірген қыздар өте көп болды. Мейрамбекке кім ғашық болмады? Осыдан 15 жыл бұрын Мейрамбек қатты ауырды. 80 келі болатын жігіт 60 келіге дейін арықтап, 20-25 келі салмақ тастады. Елдің бәрі «ана ауру, мына ауру, зоб екен» деп қай-қайдағыны айтты. Жоқ, Мейрамбекке көз тиді не қыздардың қарғысы тиді. Содан Мейрамбекке емші іздедік. Бүкіл қазақ ниеттес болды, – дейді ол.