«Әкемнің інісі»: Бағлан Әбдірайымов Алматы әуежайында қызды құтқарған ер адам кім екенін айтты
Бүгін Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алған күдіктіні ұстауға көмектескен ер адамның кім екені белгілі болады. Бұл туралы «Жігіттер» квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Бейбіт күннің батыры! Әкемнің інісі –Мұса. Бір мақтанып қояйыншы»,- деп жазды Бағлан Әбдірайымов.
Белгілі әнші туысының өмірбаяның да желіге жариялаған.
«Абдраймов Мұса Сайрамбайұлы. 1973 жылы, Түлкібас ауданы, Күмісбастау ауылында дүниеге келген. 9 баланың кенжесі. Кәсіби спортпен шұғылданған. Қазіргі таңда 5 баласы бар, ардақты әке. Бүгінгі ерлігі рас ел шулап жатыр. Намысты жігігіттің бәрі сондай батылдық жасар еді…
Ешкім батыр боламын, қахарман боламын деп жоспармен жүрмесі анық. Дер кезінде дұрыс шешім қабылдап, өміріңізді тапсыра салғаныңыз ерлік»,- деп жазды әнші.
Сонымен қатар Бағлан Әбдірайымов Мұса Сайрамбайұлын таңертең көргенін де атап өтті.
«Бұлай герой боларын білгенде таңда бізді шығарып салғанда суретке түсіп алар едік. 9:25 те Қостанайға ұшқанда көргенбіз, аманатын ап кеткенбіз. Мемлекеттік марапатқа да ұсынып үлгеріпті. Бала - шағаның несібісіне таусылмасын. Кез келген марапатқа лайықтысыз! Біз сізбен мақтанып жүрейік»,- деді ол.
Оқи отырыңыз: «Қолында пышағы бар»: Алматы әуежайында белгісіз ер адам қызметкерді кепілге алды