«Келінді Алматыға аман-есен алып келдік»: Нұрлан Еспановтың ұлы сүйінші сұрады
Танымал әнші Нұрлан Еспанов ұлын үйлендірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жамбыл облысы Бауыржан Момышұлы ауданының тұрғындарымен құда болды. Олар жөн-жоралғысымен құда түсіп, келінге сырға салып, ұзатып алып кетті. Өнер иесінің келінінің есімі – Айнұр.
«Ұзату той! Бурныйдағы құдалықтан кейін Тараздағы ұзату тойды өткіздік. Келінді Алматыға аман-есен алып келдік! Аллаға шүкір, енді бұйырса үлкен тойда жолыққанша!», - деп жазды өнер иесінің ұлы.
Желі қолданушылары «Келін енесіне ұқсайды екен. Бақытты болсын», «Жастар бақытты болсын» деп пікір жазып жатыр.