Шоу-бизнес

«Көңілдесімен болған»: Жазира Байырбекова көзге шөп салу туралы өз ойын айтты

Отандық әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде көзге шөп салу туралы өз ойын жазды, деп хабарлады Elorda.info.

-->

Отандық әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде көзге шөп салу туралы өз ойын жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Күйеуінің үйіне қонбағанын, көңілдесімен болғанын біліп қойғанын, әйелінен бірдеңе жасырғанын әзілкештер қалжың ретінде көрсетіп,д астархан үстінде күліп әңгімелеп отырамыз. Шындығында әйел үшін өте ауыр, жүректің түбінде қалып қоятын, ерлі-зайыптылардың арасын суытатын, махаббатты сөндіретін (измена) сатқындық қой. Ол комедия емес, трагедия. Алла алдында үлкен күнә. Ұрпақтарымызға отбасын ойыншыққа айналдырмай, салмақты қарауға тәрбиелеуіміз керек, – деп жазды Жазира Байырбекова.