«Көбі білмеуі мүмкін» Ескендір Хасанғалиевтің ұлы әкесіне қатысты құпиямен бөлісті
Танымал композитор Ескендір Хасанғалиевтің ұлы Біржан Хасанғалиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында әкесіне қатысты ел білмейтін ақпаратпен бөлісіп, жазба жариялады, деп хабарлады Elorda.info.
-->
Көбісі білмеуі мүмкін, әкем нағашыларында тәрбиеленіп, сол кісілердің атымен тарихта қалды. Негізі туған әкесі Құбаш Ибрашев деген кісі. Ол 24 жасында ауырып қайтыс болған. Қазіргі уақытта әкемнің өміріне және шығармашылығына арналған кітап аяқталуға таяды. Алла жазса, 2024 жылдың басында жарық көреді, - деп жазды композитордың ұлы.