Шоу-бизнес

«Ұйықтап кеткенбіз»: Айжұлдыз Адайбекова жол апатынан аман қалған

Бұл туралы Актриса Айжұлдыз Адайбекова  “Дәстүрлі подкаст” жобасында айтты, деп хабарлады Elorda.info.

-->

Бұл туралы Актриса Айжұлдыз Адайбекова  “Дәстүрлі подкаст” жобасында айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Рөлде ол кісі отырған. Екеуміз де ұйықтап кеткенбіз. Таңға жуық уақыт болатын. Машинаның сау-тамтығы қалмаған. Көзім ілініп бара жатқанда құлағыма шуылдаған дыбыс келген. Ұйқы қысып бара жатқанда ештеңеге қарамай ұйықтай бересің ғой, дәл сондай күйде отырған едім. Бір кезде сынған әйнектердің дауысын естідім. Денеме қатты зат тиді. Екеуміз де көзімізді қатар аштық. Машинада емес далада отырған сияқтымыз. Әйнек түгі қалмай үгітіліп кеткен. Есімізді жиып машинадан түссек, жартысы жоқ. Екеуміздің саусағымыз да қанамаған. Ұлыма да ештеңе болмай, аман-есен дүниеге келді, – деп еске алды актриса.