Шоу-бизнес

Әйгілі «Арман қала Астана» әнін Зарина Омарова жаңа нұсқада орындайды

Көрерменнің көзайымына айналған Зарина Омарова Астананың 25 жылдығына орай баршаға танымал «Арман қала Астана» әнін жаңа нұсқада орындайды, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

Айта кетейік, «Арман қала Астана» әні 1998 - жылы еліміздің астанасы Алматы қаласынан сол кездегі Ақмола қаласына көшірілген тұста өмірге келген болатын. Ән авторлары композитор Марат Омаров пен белгілі ақын, марқұм Ербол Шәймерден. 

-->

Көрерменнің көзайымына айналған Зарина Омарова Астананың 25 жылдығына орай баршаға танымал «Арман қала Астана» әнін жаңа нұсқада орындайды, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

Бұл әнді кезінде әкем екеуміз бірге айттық. Кеше ғана әнді жаңа нұсқада жеке орындауымда жаздырып болдым. Бүгіннен бастап барлық платформаларға жүктеледі. Халыққа танымал, хит әндерді жаңа нұсқада орындағанда көп өзгертуге болмайды. Сондықтан да әннің сөзі мен орындауында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Тек аранжировкасын өзгерттім. Бүгін Астанада Бейбітшілік алаңында өтетін концертте жаңа аранжировкамен бірінші рет орындамақпын, - деді әнші біздің тілшіге берген сұхбатында. 