«Happy birthday, Superman!»: Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртасты туған күнімен құттықтады
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жары, әнші Қайрат Нұртасты туған күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Актриса отбасылық суреттің астына «Happy birthday, Superman» деген жазба қалдырған.
Ал отандық әнші Қайрат Нұртас желіде өзгелер аға деп ақыл сұрайтын жасқа келгені туралы жазды.
«Жер ортасы жасқа келдім! Бағындырған өз белесім, ала аламаған өз қамалым, шыққан шыңым, жүріп келе жатқан өз жолым бар. Бәріне де ризамын!
Айналам «Аға» деп ақыл сұрайтын жасқа келдім! Шамамның жеткенінше жүрегімді ашып, көмек қолын созып, досты да, дұшпанды да бауырымдай құшағыма қысып келемін. Төрт құбылам түгел, керегем кең, терезем тең отбасым деген тыныштықтамын. Ғажап күн. Бұл күн – мен туған күн»,- деп жазды әнші.
Танымал жұптың оқырмандары өз тілектерін білдіріп жатыр.
«Күшті, бақытты отбасы болыңыздар», «Отбасымен бірге баянды, бақытты өмір сүр Жұлдызжан», «Бақыттысың Қайратжан! Сол бағыңды бағалай біл», «Тіл-сөзден аман болыңдар», «Алланың берген жасын жасай бер», «Құтты болсын, әр айтқан әнің ел жүрегінде», «Берекелі жас болсын», «Абыро төрінен түспей, Жамбылдың жасына жет»,- деп жазды оқырмандар.