Гүлзира Айдарбекова қай келінін қатты жақсы көреді?
-->
«Екеуінің қайсысы жақсы» деп Нүрекең екеуіміз жауабын таба алмадық. Екеуіне де көз тимесінші. Қызымыздай болып жүр, ең бастысы адал, өтірігі, екіжүзділігі жоқ. Құдайдан сұрарымыз да сол, келінім адал болсыншы деп сұраудан жалықпаймыз. Өмірдің мәні де сәні де ұрпағымызды жалғастырар осы келіндер ғой. Тек жақсылық жасаған сайын есіріп кетпесе болды. Біз тек жағдайларын реттеп беруге көмектескеніміз болмаса күніге жолдамыз ғой. Мұздатқыштарын, кем-кетігін толтырып бергенімізге мәз болып жүре береміз сол. Тапқанымызды бөлмелеп, анау ренжіп қалмасын, мынау тырысып қалмасын,- деп жазды Гүлзира Айдарбекова.