«Есектің миын жегендер»: Айқын мен Жұлдыздың фотосы қызу талқыға түсті
Танымал жұлдызды жұп Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидың фотосы сынға қалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Өнер иелері Еуропаны аралап, Парижде жүрген видеоларын жүктеді.
«Бұл Брежнев (КСРО) мен Хоннекердің (ГДР) сүйіскен сәті. Тарихи сәт. Берлин қабырғасына салынған тарихи сурет. Тарихты білмейтіндер, сіздерге ұят!» - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, өнерлі жұпты сынның астына алды.
«Ораза біткенше шыдауға болатын еді», «Қуып кеткен сияқты», «Есектің миын жегендер», «Ел алдында жүрген әртістер осындайды салып жатса, басқаларынан не сұрайсың?!», «Тірі масқара болыпты ғой», «Ұяттау сияқты», «Бірақ сіздер Брежнев пен Хоннекер емессіздер ғой. Сіздердің сүйіскендеріңіз тарихта қалмайды. Бұл сурет өз тарихтарыңызда қалуы керек», - деп жазды желідегілер.