Шоу-бизнес

Ерке Есмаханды перзентханадан жақындары ерекше күтіп алды

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде перзентханада шыққан сәтін жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Бейнежазбадан перзентханаға әншінің тек күйеуі ғана келгені көрсетілген. Сондай-ақ жұлдызды әке ұлына өз қолымен ерекше бөлме дайындап қойған.

Шүкір! дегеннен басқа айтарым жоқ. Барлық тілекшілерге алғысым шексіз. Әр шаңырақта тек қуаныш болсын. Әкесінің ұлына деп өз қолымен жасаған бөлмесі. Ал бүгін түнгі 00:00 де кешікпей менің де туған күнім кеп қалады. Құттықтаулар қабылданады, – деп жазды әнші. 

Әншінің ата-енесі өзіне алғашқы немере сыйлаған келініне үлкен гүл шоғын тарту етіп, өз алғысын білдірген.