Ерке Есмахан бренд жүзіктерін көрсетіп мақтанды
Ерке Есмахан Сhopard брендінің құны 45 млн теңге тұратын жүзігін көрсетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Махаббат күнін бастап кеттік. Бүгін Chopard бутигінде жаңа коллекцияның, жаңа бриллианттардың көрсетілімі, соған келдік. Сосын вип кинозалда бутик ұйымдастырған Бриджит Джонс фильмін тамашалаймыз», - деді әнші Instagram stories-те.
Сондай-ақ әнші гаухар таспен көмкерілген ерекше сақинаны да көрсетті.
«Құны 45 млн теңге тұратын сақина. Барлығымызға жұғысты болсын», - деп жазды Ерке Есмахан.