Елімізде Димаш Құдайбергеннің продюссерлік етуімен Қытаймен бірлескен халықаралық музыкалық шоу түсіріледі
Қыркүйекте Қазақстанда Димаш Құдайберген атқарушы продюсер қызметін атқаратын Қытай-Қазақстан музыкалық реалити-шоуының түсірілімі басталады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл туралы әншінің өзі Instagram парақшасында мәлімдеді.
«Мен бас менеджер Цай Хуайцзюньмен және Hunan TV медиа холдингімен жаңа музыкалық реалити-шоуды бастау туралы келісімге қол қойдым, онда мен атқарушы продюсер боламын.
Бұл шоуда әр елдің вокалистері өнер көрсетеді, түсірілім Қазақстанның төрт аймағында жүріп, туған жерімнің сұлулығы мен байлығын көрсетеді.
Жобаны бүкіл әлем тамашалайды, миллиондаған көрермен жаңа дауыстар мен Қазақстанның бірегей мәдениетінің куәсі болады.
Шамамен он жыл бұрын менің Hunan TV-дегі саяхатым I Am Singer жобасынан басталды. Бүгін мен халықаралық шоудың авторы ретінде жаңа рөлде қайтып оралып жатырмын. Бұл дүние жүзіндегі адамдарды біріктіретін мәдени ынтымақтастықты орнатып, музыка тарихындағы жаңа тарауды ашады», - делінген әншінің парақшасында.
Dimashnews.com сайтындағы ақпаратқа сенсек, түсірілім 8-29 қыркүйек аралығында Түркістан, Алматы, Ақтау және Астана қалаларында өтеді.