Шоу-бизнес

Джей Ло 248 млн оқырманы бар парақшасына астаналықтардың биін жариялады

Бірнеше күннен бері қазақстандықтар Дженнифер Лопестің Астанада болатын концертін қызу талқылап келеді. Іс-шара қарсаңында әлемдік мегажұлдыз да елімізге қызығушылық танытып жүргені байқалды. Бұл жолы ол әлеуметтік желіге елордалықтардың биін жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Дженнифер Лопес «Бәйтерек» монументінің алдында өзінің хит әніне билеген елордалық жастардың өнеріне баға беріп, өзінің 248 миллионнан астам оқырманы бар Instagram парақшасына репост жасады.

«Джей Ло, Астана сені күтіде! Бишілер: Dream Way жобасының кәсіби командалары», - деп жазылған аталған видеоның астында.

Естеріңізге сала кетейік, әртістің шоуы 1 тамызда «Астана Арена» стадионында өтеді.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ТАНЦЫ • РИСОВАНИЕ • ВОКАЛ • ГИМНАСТИКА • ТХЭКВОНДО 📍АСТАНА (@dreamway.dc)