Шоу-бизнес

Димаш Құдайберген туған күніне орай маңызды мәлімдеме жасады

Әнші Димаш Құдайберген 26 мамырда туған күніне орай фан-кездесу өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Кездесу Almaty Arena стадионында D and Dears деген атпен ұйымдастырылады. Ол Stranger концертінің кинотеатрларға шығуына орайластырылмақ.

«Менің шығармашылығыма арналған шоуды, қазақстандық әртістердің қатысуымен, әртүрлі сұрақтарға жауаптарыңызды алып, жаңа әндердің премьералары мен бейнебаяндарын да қатар тамашалай аласыздар», – деп жазды әртіс әлеуметтік желіде.

Оның айтуынша 27 мамырдан бастап Астанада өткен Stranger шоуы 5.1 көлемді дыбыспен және қатысу эффектісімен үлкен экрандарда елімізде алғаш рет кинотеатрларда көрсетіледі.

Келесі аптадан бастап фан-кездесу билеттері Ticketon сайтына шығады.