Димаш Құдайберген жаңа бейнебаянының тұсауын кесті
Бұл туралы Instagram-дағы dimash.news парақшасында жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
2025 жылдың 15 мамырында Димаш Құдайберген белгілі қазақ ақыны әрі жазушысы, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің әніне түсірілген жаңа бейнебаянның тұсауын кескен болатын.
«Премьераның шығуына орай Димаш челлендж жариялады: трекке түсірілген ең қызықты және көп қаралған видео үлкен сыйлыққа ие болады!» - делінген хабарламада.
Қорытындысы 26 мамырда Алматыда өтетін концертте/фан-кездесуде жарияланбақ.