Шоу-бизнес

Дариға Бадықова алғашқы фильмін кімге арнап түсіргенін айтты

Бұл туралы отандық танымал актриса әрі кинопродюсер Дариға Бадықова өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Кинопродюсер өзінің алғашқы фильмін әкесі мен ұстазына арнағанын айтты.

Мен «Таптым-ау сені» фильмін іштей ниет етіп, әкемнің, ұстазымның рухына арнағанмын! Себебі кіммен шыққаным, кімнен өнерден көп дүние үйренгенім белгілі. Әкемнің, ұстазымның жатқан жерлері жайлы болсын, рухтары көкте шалқысын. «Таптым-ау сені - 2» де осы кісілердің рухына арналады», - деп жазды Д. Бадықова. 

Айта кетейік, Дариға Бадықованың «Таптым-ау сені» фильмін 108 млн теңгеге түсірген. Өткен жылы фильм 10 күннің ішінде миллиард теңгеден астам табыс жинады.