Шоу-бизнес

«Дұрыс өмір сүрмей жүр екенбіз»: Жазира Байырбекова отбасылық өмірі туралы айтты

Әнші Жазира Байырбекова өзінің Instagram парақшасында жұбайы Жанболат Ербатыровпен қарым-қатынасы, отбасы туралы жазба жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Күнде гүл сыйламаса да, көліктің есігін ашып бермесе де, тамағымды ішкен сайын рақмет айтпаса да, «нормально» өмір сүріп жатырмыз. Қазіргі психологтардың айтқанын тыңдасақ, дұрыс өмір сүрмей жүр екенбіз. «Шли» өйтіп нетпей-ақ, жай әшейін өмір сүріп жүре берейікші», - деп жазды ол.

Мұны құптаған оқырмандар өнерлі отбасына бақыт тіледі.

«Аппақ жігіт пен Жазира сұлу, бақытты болыңдар! Гүл солып қалады, есікті ашуға Алла қол берді, тамақты отбасы үшін жасаймыз. Бастысы ниет дұрыс болсын», «Керемет жұп. Қазіргі жас отбасыларға үлгі боларлық жұп. Аман болыңыздар», «Психологтардың айтқанын істесең, не жынды боласың, не ажырасасың», «Өте орынды айтылған» деп жазды оқырмандар.