«Дәрет жоқ болса да ауызды бекіте бересіз»: Нұрлан имам өз ойымен бөлісті (ВИДЕО)
Имам бұл мәселенің дұрыс не бұрысын әлеуметтік парақшасында түсіндірді. Ол бүгінде ел арасында ауызашар уақытта немесе сәресіде дәрет алу керек деген сөз барын еске сала, оның нақты міндетті емесіне тоқталған, деп хабарлады Elorda.info.
Сонымен қатар, имам құбылаға бет бұрып, отырып немесе тұрып дұға жасау, суды тұрып ішу әдетке айналып бара жатқанына да тоқталды. Әрі бұл да шарт емес дейді. Азаматтарға «өз ыңғайыңызға қарай дұғаңызды жасай беріңіз дер едім» деп қорытындылайды сөзін.
-->Имам бұл мәселенің дұрыс не бұрысын әлеуметтік парақшасында түсіндірді. Ол бүгінде ел арасында ауызашар уақытта немесе сәресіде дәрет алу керек деген сөз барын еске сала, оның нақты міндетті емесіне тоқталған, деп хабарлады Elorda.info.
Ораза ұстаған адам сәресіде және ауызашатын кезде дәретті болуы керек деген ел ішінде сөз бар. Кей адамдар намаз оқымаса да ауызашар уақытында дәрет алып қана ауыз ашып жүр. Бірақ ондай бұйрық жоқ. Дәрет бар болса да, жоқ болса да ауызды бекіте де, аша да бересіз, - дейді ол бейнежазбада.