«Біздің келініміз деп мақтанады»: Маржан Арапбаева енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Танымал әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Маржан Арапбаева «Әйгерім Сейфолланың сырласуы» бағдарламасында енесімен қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Өте тамаша. Екеуміз құрбымыз. Ол кісі «бәрін таста да бізге кел, қонақ күтіп жатырмыз» деп айтпайды. Кейде маған сіз деп те айтады. Мен сондай кезде ыңғайсызданып қаламын. Өйткені ол кісілер адамға құрмет білдіргісі келеді, заманауи адамдар. Қарым-қатынасымыз өте еркін. Енем ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Қайын атам 35 жыл бойы мектеп директоры болған, математик, - деді Маржан Арапбаева.
Журналист Әйгерім Сейфолла әншіге «Сіздің дауысыңызды жақсы көре ме?» деген сұрақ қойды.
«Ол жағын білмеймін. Маған айтпады. «Сенің дауысың бізге ұнайды» деп айтқандарын естіген жоқпын. Бірақ «Маржан Арапбаева біздің келініміз» деп мақтанады. Менің енем сәнді киініп, өзін күткенді өте қатты ұнатады. Сондықтан да ол «мен Маржан Арапбаеваның енесімін, соған сай болуым керек» деп айтады. Мен «әдемі киіну, ортада жарқырап жүру» жағынан анама емес, енеме ұқсап кетіппін»,- деді Арапбаева.