Шоу-бизнес

«Бірінші күннен бастап...»: Гүлзада Тұрлаш енесімен арақатынасы туралы айтты

Енесімен арасындағы қарым-қатынасы туралы танымал блогер Гүлзада Тұрлаштың өзі  «Менің өмірім» бағдарламасында айтып берді, деп хабарлады Elorda.info.

 

Гүлзада Тұрлаш енесімен күнде сырласатынын айтты. 

-->

 

Ата-енеме үйреніп кеттім. Осы сәтті пайдалана отырып сол кісілерге алғыс айтқым келеді. Мені бірінші күннен бастап қызындай көреді. Әлі күнге дейін маған ешқандай жұмыс істетіп көрмеген. Қонақ шақырса да, аспаз жалдайды. Өзіміздің үйде де тамақ жасайтын, үй жинайтын қызметшілер бар. Мен оған уақытымды жоғалтпаймын. Үйге аспаз алайық деп өздері ұсыныс тастады, -  дейді блогер.

Гүлзада Тұрлаш енесімен күнде сырласатынын айтты. 

Мен Астанадан ұшып келген бетім осы. Ұшақ уақытында ұшпай кешікті. Бағдарламаға келмей тұрып үйге барып өзімді ретке келтіруім керек болды. Үйге барсам, енем дастархан жасап қойып мені күтіп отыр екен. Менімен бірге тамақтанамын деп ойлапты. Енем екеуіміз отырып шай іштік, тамақтанып алдық. Шығып бара жатып маған қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдірдім. «Сұхбатқа дайындалдың ба? Экранға шыған уақытын біл, мен көремін» деп өзі дайындап жіберді. Енем – өте керемет жан. Екеуіміз күнде сырласамыз, – дейді  ол.