«Бір уақытта бала сүйсек екен»: Танымал блогер сіңлісінің орындалған арманын айтты
Көпке танымал блогерлер Фариза мен Дина Төреәлі аяғы ауыр кезінде анасымен бірге жасаған фотосессиясын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.
Әлеуметтік желідегі парақшасында Фариза Төреәлі сіңлісінің орындалған арманы туралы айтты.
-->Әлеуметтік желідегі парақшасында Фариза Төреәлі сіңлісінің орындалған арманы туралы айтты.
Динаның бала күннен бері маған айтатын бір арманы бар еді. «Екеуміз бірдей бір уақытта бала сүйсек екен» дейтін. Алла қалап ниетіне нәсіп етті, соны еске түсіріп таң қалудамыз. Анамыз сияқты батыр ана, дана әйел болуды нәсіп етсін. Ата-ананың қадірін расында өзің ата-ана болғанда түсінетінің рас екен. Олар үшін көп жақсылық жасайық, көп дұға етейік. Ананың балаға жасаған дұғасы қабыл демекші, анамның шын тілегі қабыл болды. Аллахым барша ұрпақ тілеп жүрген жандарға айтарым, үміттеріңізді үзбеңіздер - Алланың мейірімі шексіз. Ана болу бақытын, әрбір қызға тіледік, - деп жазды блогер.