Баян Алагөзова өнер жұлдыздарымен бірге билеп, жұртты тәнті етті
Шоу-бизнестегі жұлдыздар билеп видеоға түсіп, «ұят» ұғымын осылайша емеурінмен түсіндіруге тырысты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Тренд түсірушілердің арасынан танымал продюсер Баян Алагөзованы, журналист Айгүл Мүкей мен Динара Сәтжанды және блогерлер Мөлдір Мұқан мен Дана Есееваны көреміз.
Айгүл Мүкей әлеуметтік желіге жүктеген видеосына «Сенің қысқа кигенің - ұят емес, Еркелетіп билегенің - ұят емес, Хақты айтып, еркін болу – ұят емес, Азат ой, азат амал – жат емес» деп өлең жолдарын жазып қойды.
Бұл видеоны көрген оқырмандар әртүрлі пікірлер қалдырған.
Біреулер «Ең сұлуы - Баян» десе, бірқатары «Баян әже алдына шыға берді ғой» деді. Өзге жұлдыздарды да сынның астына алғандар болды. Көпшілік «Ұяттың түрі көп, мағынасы терең. Бастысы, «ұят емес» деп ұятсыз болып кетпейік», «Жастар үшін жақсы үлгі емес», «Бізге үлгі болар бұлар емес, ұят туралы тіптен айтпай-ақ қойса болады. Ұятты айтатын асыл адамдарымыз өмірден өтіп кетті» деп жазды.