Шоу-бизнес

«Бақыттың ерте-кеші жоқ»: Ләйлә Сұлтанқызы Құралай Анарбековаға бақыт тіледі

Тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы желіде көпшілікке танымал «Брат и брак» фильміндегі басты кейіпкердің бірі актриса Құралай Анарбекованың қалыңдық атанғанын айтып, сүйінші сұрады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Бақыттың ерте-кеші жоқ. Құрбым, жақыным Құралай Анарбекова (@kuralay_corich ) қалыңдық атанды.

Ақжүрек, кең пейіл азаматың - сені алақанында аялап өтетініне сенемін! Бір-бірін ұзақ күтіп, жолықтырған құрдастарға мәңгілік махаббат тіледім!», - деп жазды ол.

Желі қолданушылары «Кеш» деп жазғаныңыз дұрыс емес. Біреуге ерте немесе кеш болуы мүмкін, бірақ ол үшін бұл - нағыз дер шағы», «Бақыттары баянды болсын. Ұстасқан қолдары мәңгілік болсын», «Жастар бақытты болсын» деп тілек айтты.