Шоу-бизнес

«Бұйырса, иә»: Димаштың үйленейін деп жатқаны рас па

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан «100 сұхбат» жобасында әнші Светлана Айтбаевамен сұхбатты назарға ұсынды. Әнші сұхбат барысында ұлы Димаш Құдайбергенге қатысты ағынан жарылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Светлана Айтбаеваның айтуынша, Димаш Астанада ата-анасымен бірге тұрады, алайда ұлы көбіне шетелде жүреді екен.

Осы орайда Динара Сәтжан Светлана Айтбаевадан жақында олардың отбасында той болатынын естігенін, бұл қаншалықты рас екенін сұрады.

«Әумин, Динара. Бұйырса, иә. Кез келген ата-ана армандайды ғой. Балаларымыз өсті, Димаш та біраз жасқа келді, оң-солын таныды, Раушан да биыл оқуын бітіреді, бұйырса. Дипломын алып, дәрігерлік жолын таңдайын деп жатыр. Мансұрдың өзі 18-ден асты. Сондықтан той болатын шығар деп күтіп жүрміз», - деді С.Айтбаева.

Динараның «той биыл бола ма?» деген сұрағына Айтбаева «биыл болса, биыл, әумин, айтқаның келсін» деп қысқа қайырды.