Шоу-бизнес

«Бәрін тоқтаттым»: елордалық мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза елді ойландырып қойды

Желі жұлдызына айналған елордалық мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Бәрін тоқтаттым. Мектеп, қызмет, әлеуметтік желі»,- деп жазды Ақмоншақ Нұртаза. 

Желі қолданушылары белсенді ұстаздың бұл жазбасына қатысты түрлі болжам айтуда. Бірі оның қызметінен кеткенін айтса, енді бірі пранк деп топшалауда. 

«Депутат болатын сияқты», «Бастысы курс сатып кетпесеңіз болды», «Бұл пранк», «Университетке ректор болсаңызшы», «Сынға берілмеңіз, демалыңыз», «Киноға түсетін шығар»,- деп жазуда олар. 

Еске сала кетейік, Ақмоншақ Нұртаза – елордадағы №58 мектеп-гимназиясының директоры. Ол мамыр айында 11-сыныпты тәмамдаған түлектерімен бірге Димаштың орындауындағы Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әніне арналған челлендж түсіріп, Димаштың Лондондағы концертіне билет ұтып алған еді.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Akmonshak (@aqmonshaq_nurtaza)