Шоу-бизнес

«Ажырасып кеттіңдер ме?»: Дина Төреәлі оқырмандарын ойландырып қойды

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі оқырмандарын ойландырып қойды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ол Instagram парақшасында «Сұрақ-жауап» айдарын жүргізіп, жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берген.

Д.Төреәліден оқырмандарының бірі «Ажырасып кеттіңіздер ме?» деп сұраған.

«Кеше әңгіме айтайық десем, 90 пайыз сұрақ – осы. Жекемде біртүрлі сұрақтар. Менің некем Қазақстан экономикасына немесе сіздердің өз жеке өмірлеріңізді сүру үшін маңызды болғаны ма деп қоямын», – деп жауап берген Дина Төреәлі.