Шоу-бизнес

Ажырасып кеткен соң әкеме қатты өкпеледім – блогер

Танымал блогер Артур Асқарұлы Айсәуле Бақытбекпен сұхбатында отбасы, әкесімен қарым-қатынасы туралы айтып берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Белгілі тележүргізуші Гүлмира Дайрабаеваның ұлы әкесіне қатысты өкпе-ренішінен арылу үшін осы күнге дейін психологтармен жұмыс істегенін айтты.

«Мен Алматыда тудым. 10 жасыма дейін отбасындағы жалғыз бала болдым. Сондықтан балалық шағымда ата-ананың мейірімін көрмедім деп айта алмаймын, олардың махаббатына шомылып өстім десе де болады. Бірақ посткеңестік кезеңде туған балалардың көбінде бар мәселе деп ойлаймын, өмір-бақи ата-анамның ұрыс-керісін естіп өстім. 18 жасымда олар ажырасты. Бұл кезде екі бауырым бар, үшеу едік.  Дегенмен отбасымызда тыныштық орнағандай болды. Бірақ мен әкеме қатты өкпелі болдым. Бұл ренішімнен арылу үшін психологтармен де жұмыс істедім. 1 жыл сөйлеспедім. Кейін бәрін түсініп, қабылдауға тырыстым. Контент бойынша кездесіп тұрамыз, бұл менің әкеммен кездесуім үшін психологиялық әдіс болды», - деді Артур Асқарұлы.

Дегенмен ол ештеңеге қарамастан, ата-анасын өзгерткісі келмейтінін, сол күйі қабылдайтынын, жақсы көретінін айтты.