Қазақтың «той хиті» Азиядағы әлеуметтік желілерді жаулап алды
Қазақстандық музыка бүкіл әлем тыңдаушыларының жүрегін жаулап келеді. Жақында азиялық әлеуметтік желі қолданушылары арасында қазақтың «той хиті» тарап кетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Әлеуметтік желілерде Рахымжан Жақайымның «Сен маған массың» әні танымал болып келеді. 2020 жылы шыққан композиция күтпеген жерден Қазақстаннан тыс жерлерде қайта туғандай болды: Қытайдан, Вьетнамнан және басқа да Азия елдерінен келген қолданушылар арасында миллиондаған қаралым жинап, олар жаппай осы әнге билеп, бейнелер түсіре бастады.
Кейбір пайдаланушылар Қытайдағы қазақ мәдениетіне деген қызығушылықтың артуы Singer шоуында Қытай аудиториясын жаулап алған қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің танымалдылығынан басталды деп болжайды.
«Бұл Димаштың әсері ме?», «Жарайсыңдар, қытайлар!», «Қытайлықтардың қазақтарға деген сүйіспеншілігін Димашты оятты», «Қазақ тілі бір кездері әлемдік тілге айналады» деп жазды желі қолданушылары.
@daoyil1421 #异国风情 #下班后的日常 ♬ 原聲 - DaoYiL1421