Қайрат Нұртастың інісі қуанышты жаңалығын жария етті
Белгілі блогер Заңғар Нұртас келіншегі Индира Мәуленнің жүкті екенін айтты. Бұл туралы ол әлеуметік желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Бақытты отбасымыз тағы бір жүрек соғысымен толықпақ. Біздің кішкентай ғажайыбымыз жолда. Қағба алдында дұға тілеген қанша адам бар! Сіздерге мың алғыс, дұғаларыңыз қабыл болды», - деді ол.
Желі қолданушылары жас жұбайларды құттықтап, тілектерін жазып жатыр.
«Құтты болсын», «Қуаныштымын», «Ұл сияқты ғой», -деп желі қолданушылары тілек білдіруде.
Сара ҚАМЗАЕВА