Қайрат Нұртастың анасы келінін туған күнімен ерекше құттықтады
Көпке танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ортаншы келінін құттықтап, өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Бойында инабат, жүрегі мейірімге толы, әр жақсылыққа шын қуана білетін, қашанда үлкен-кіші демей кешіріммен қарап, ана-анасын құрметтеп, разылығын алып, аяулы жар бола білген көркем мінезді, бүкіл ағайын мен ата-ененің ақ батасын алған келінім, ботам, сені туған күніңмен шын жүрегіммен құттықтаймын. Қандай мақтау болсын бәріне лайықтысың. Саған деген бәрінің шынайы махаббатына өзіңнің даналығыңмен жеттің, сені өмірге алып келген құдам мен құдағиыма алғысым шексіз. Тек көз тимесе екен. Ақмөр және НұрАли немерелеріміздің артынан ұл-қыз еріп, үлкен әулетті абзал ана болып, қара балам, дара баламның құшағында 100 жасап, екі дүниенің бақытын көруіңді жазсын Алла», - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.