Шоу-бизнес

Қарақат Әбілдина Қыдырәлі Болмановпен қалай танысқанын айтты

Бұл туралы танымал әнші Қарақат Әбілдина «Төрлетіңіз» бағдарламасында айтты, деп хабарлады Elorda.info. 

Қарақат Әбілдинаның сөзінше, жұлдызды жұп тойда танысқан. Әріқарай әншіні өмірлік серігі жатақханаға іздеп келген. 

-->

Қарақат Әбілдинаның сөзінше, жұлдызды жұп тойда танысқан. Әріқарай әншіні өмірлік серігі жатақханаға іздеп келген. 

Тойдан әкелген 4-5 қалта сарқытымды шашып жіберіп, шай ішіп отырсақ. Дәлізде «Қарақат!» деген дауыстар шығып жатыр. Менің 1-курс кезім, ешкімді танымаймын. Менен басқа да Қарақаттар бар шығар деп отыра бердім. Бір кезде дауыс үдей түсті. Басымды шығарып, «мен Қарақат» деп едім, жоғары курстың қыздары «Қыдырәлі Болманов саған кім болады?» деді. Шошып кеттім. «Ағам» дедім. «Сені төменде ағаң күтіп тұр» дейді. Сол күні сағат түнгі 12-де Қыдекең жатақханаға келіп, қар жауып тұр далада, қарды жинап, терезеге лақтыра берген. Қыздар шықса, «Қарақатты шақырып жіберіңдерші» деген. Әдетте вахтершы апайлар ұрысқақ болатын. Бұл кісі оны да көндіріп қойған. Үстімде халат, аяғымда жатақхананың ішіне киіп жүрген тәпішкімен шығып, мейрамханадан барып шай ішіп келдім. Сондай қызық болған, – деді әнші.