«Алланың маған берген сыйысың»: Тәуекел Мүсілім әйеліне жан тебірентерлік жазба арнады
Белгілі актер Тәуекел Мүсілім жұбайын туған күнімен құттықтап, оған жан тебірентерлік жазба арнады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Туған күніңмен, Махаббатым. Өзіңмен бірге өткізген әрбір сәтке шүкіршілік етемін. Алланың маған берген сыйысың. Сенімен өткізген әр сәт бақытқа, махаббатқа толы. Кейде ренжітіп жатсам, мән берме. Ең бастысы, мен сені шын сүйем. Бақытты, қуанышты күндеріміз көп болсын. Алла соңғы демімізге дейін бірге болуды нәсіп етсін», - деп жазды актер.
Желі қолданушылары әсерлі бейнежазбаға қатысты өз пікірлерін білдірді.
«Махаббат расында өте әдемі», «Бақытты болыңдар!», «Туған күні құтты болсын», «Сіздің жұбайыңыз ең сұлу ару», «Жарайсың,барында бағала!»,- деп жазды оқырмандар.