«Алла сауаптан жазсын»: Айнұр Тұрсынбаеваның ұлы мен қызы ауызашар берді
Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның ұлы Беклан мен қызы Айдана Алматыда жүзге жуық адамға ауызашар берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ақын бұл жаңалығымен өзінің желідегі парақшасында білдірді.
«Менің балапандарым Алматыда 100 адамға ауызашар берді! Азамат болды деген осы… Алла сауаптан жазсын», - деп жазды айтыскер ақын.
Айта кетейік, бұған дейін Айнұр Тұрсынбаева көпбалалы ана болғысы келетінін айтқан болатын.