Айжан Нұрмағамбетова: Аға-көкем болмаса да, атақ алдым
Қазақ эстрадасында қайталанбас стилі бар Айжан Нұрмағамбетова өзінің Instagram парақшасында әке туралы естелігімен бөлісті, деп хабарлады Elorda.info.
Айтуынша, әкесі өнерлі қызына көпшіліктің көзі тиеді деп қорыққан.
Әкем менің өнеріме аса қатты көңіл бөлмейтін, жай хобби ретінде көруші еді. Кейін әншілік өмір, «Гүлдер» ансамбіліндегі жұмыс басталып кетті, гастроль дегені тағы бар. Ансамбльмен бір апта үйде болсақ, үш айлап гастрольде болатынбыз. Кейін әкем менің жан қалауымды түсінді, ақ батасын берді. Әкем менің Қырғызстанда түсірілген фильм концертімді және «Тамаша» театрінің мерейтойлық концертінде әйгілі «Мен деп ойла» әнін шырқағанымды көріп кетті. Әлі есімде, әкем сол концерттен кейін маған келіп, «Қызым, жарқырамашы қорқамын» деді. Қолдау көрсететін аға-көкең жоқ, көз тиеді, сөз тиеді деп қорқатын. 1994 жылы әкем дүниеден озды. Жаның жәннәта болсын.
-->Айтуынша, әкесі өнерлі қызына көпшіліктің көзі тиеді деп қорыққан.
Әкем менің өнеріме аса қатты көңіл бөлмейтін, жай хобби ретінде көруші еді. Кейін әншілік өмір, «Гүлдер» ансамбіліндегі жұмыс басталып кетті, гастроль дегені тағы бар. Ансамбльмен бір апта үйде болсақ, үш айлап гастрольде болатынбыз. Кейін әкем менің жан қалауымды түсінді, ақ батасын берді. Әкем менің Қырғызстанда түсірілген фильм концертімді және «Тамаша» театрінің мерейтойлық концертінде әйгілі «Мен деп ойла» әнін шырқағанымды көріп кетті. Әлі есімде, әкем сол концерттен кейін маған келіп, «Қызым, жарқырамашы қорқамын» деді. Қолдау көрсететін аға-көкең жоқ, көз тиеді, сөз тиеді деп қорқатын. 1994 жылы әкем дүниеден озды. Жаның жәннәта болсын.
Кейін 1995 жылы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі» атағын берді. Сонда мен жолдасымнан мені әкемнің басына апаруды өтіндім. Моласының алдында тұрып, «Міне, әке, қарашы, аға-көкем болмаса да, осы атақты алдым» деп құжатты көрсеттім. Бүгінге дейінгі жетістіктерімнің бәріне өз еңбегіммен, өз күшіммен жеттім деп сеніммен айта аламын. Бастысы әкемнің ризашылығын алдым! Әке, сізді жақсы көремін, - деп жазды ол.