Айтыс ақындары таксистерді аяусыз сынға алды
Ақындар Алматыдағы жер сілкінісі кезінде тасымалдау бағасын шектен тыс жоғарылатып жіберген таксистерді өлеңмен сынады, деп хабарлады Elorda.info.
Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезхан «Мен қазақпын» әнінің сазымен дуэт жасады. Онда Алматыдағы жер сілкінісі кезінде такси бағасын көтеріп жібергендерге сын жебесін қадады.
Жандарбек:
Әрі қарай қос ақын бірде «мың қазақ далада қалғанда, бір қазақ көмектеспеді-ау» деп қынжылса, бірде өзіміз емес, өзге ұлттың қол ұшын беріп жатқанын айтты.
Ал «Жақсы адамдарым» деген әннің әуенімен қиын кезде қайырымсыздық көрсеткен жандарды «жестко адамдарым» деп атады. Бұрынғы бауырмал, қайырымды қазақы мінездің жоғалғанын, осы күні тек пайда ғана көздегендердің көбейгенін айтты. Десе де, өлең соңында бір тиын алмай, қол ұшын берген жақсы адамдарға ризашылықтарын әнге қосуды да ұмытпаған.
Бұған желі қолданушылар әртүрлі пікір жазды. Біреулері «Өткенде «атаңа нәлет» деген келіншектің айтқанына лайық таксистер ғой», «Таксистер kaspi-ге салық төлейтінін естіп жаным ашитын. «Енді сауап болды, төлесін» деп отырған мен ғана ма?» десе, біреулері «Өздерің бір тойға 1 млн сұрағанда ұяласыңдар ма?» деді. Ал көпшілік адам «Алла сілкіп те ескертіп жатыр, «ниетіңді түзе» деп, бірақ түсінбейтіндер бәрібір түсінбейді екен, сана берсін сондай жандарға», «Ұят кетті бұл заманда, ақшаның құлы болды бұл ел» деп жазды.
-->Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезхан «Мен қазақпын» әнінің сазымен дуэт жасады. Онда Алматыдағы жер сілкінісі кезінде такси бағасын көтеріп жібергендерге сын жебесін қадады.
Жандарбек:
Таксист болып тумағанда не етер ем?
Саясатты көп сынаймын өте мен.
Жер сілкініп, жұрт қырылып жатқанда,
Ставкамды 30 мыңға көтерем, - десе, Сырым:
Мен таксиспін,
Мен тыңдайтын ән ғажап!
Өзім білем, ақылыңды нанға жақ,
Ұзынағашқа менің бағам 30 мың,
Ұнамаса квартираңа бар да жат! – деді.