Шоу-бизнес

«Айтуға ұялатынмын»: Әнші Рүстем Нұржігіт Ақбота Керімбековаға ғашық болғанын айтты

Белгілі әнші Рүстем Нұржігіт әріптесі Ақбота Керімбековамен мектепте бір партада отырған,  деп хабарлады Elorda.info

Әнші жігіт бұл сырын DASTARXAN бағдарламасында қонаққа келген кезінде жайып салды. 

Ақбота екеуіміз Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп интернатында оқыдық. Бір партада отырдық. Ақботаны бала кезден ұнататынмын. Екеуіміз ойнайтынбыз. Бұл мектепте Ақбота 1-сыныптан бастап оқыды. Мен үшінші сыныпта келдім. Екеуіміздің де мұғаліміміз бір болды. Екі жылдан кейін Ақбота басқа мектепке ауысып кетті. Сол кезде айта алмайтынмын. Ұялып жүретінмін, - деді Рүстем Нұржігіт. 

Ал Ақбота Керімбекова болса, Рүстемнің бала махаббатының кейіпкері болғанын бағдарлама барысында бір-ақ біліп отырғанын айтты. Тіпті таң қалып отырғанын жеткізді.