Қайрат Нұртасты танымал еткен мамасы ма?
Бұл сауалға танымал продюсер әрі Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.
Гүлзира Айдарбекова ұлының тек потенциалын байқап, сахнада өнер көрсетуіне себепкер ана екенін айтты.
-->
Қайрат мамасының баласы» деген сөзді жылдар бойы айтты. Бұл баламның психологиясына әсер етті. Ойлана келе, ұлым өзінің бір концертінде бұл сауалға былай жауап берді: «Сен қандай жағдайда болсаң да, мейлі мүгедек бол, бірақ сені тастамайтын тек қана – ана» Ұлымның осы сөзінен кейін жеңілденіп қалдым. Себебі ол сөзден негізі өзім аздап ыңғайсыз сезінетінмін. Бұл – Алланың берген бағы. Өйткені бүгінгі таңда Қайраттан да диапазоны кең мықты өнер иелері бар. Құдай бақты көтере алатын адамға береді. Ал «Қайрат анасының арқасында жүр» дейтіндей мен оның орнына сахнаға шығып, ән айтпаймын, - деді продюсер.
Гүлзира Айдарбекова ұлының тек потенциалын байқап, сахнада өнер көрсетуіне себепкер ана екенін айтты.
Тек ана жүрегіммен көмектесіп, оның арманын орындағым келді. Қанша адамдардың алдына барып: «Продюсер болсаңыз екен» деп өтініш айттым. Ол кезде Қайрат танымал болмаған соң ешкім елеген жоқ. Кейін шыққаннан кейін ғана: «Охо, бізге беріңіз» деп жатты. Бірақ ол кезде бәрі кеш еді. Мен бастаған ісімді аяқтап, өзім сонымен айналысып кеттім. Армандарымның орындалғанына әлі күнге дейін қуанамын, - деді әншінің анасы.