Шоу-бизнес

Ақбота Керімбекова келін түсірді

Танымал әнші Ақбота Керімбекованың ұлы Ақан үйленді. Әнші оразаның алғашқы күнінде той жасады, деп хабарлайды Elorda.info.kz.

Әншінің келін түсіргені туралы әлеуметтік желіден белгілі болды. Әншінің достары тойдан үзінді видеоларды жарыса жариялап, эстрада әншісі мен оның әулетіне құттықтауларын жаудырған. Әншінің өзіне де тойдан видеоларды Instagram-дағы stories-те белсенде түрде бөлісіп жатыр. 

Әншінің Ақан есімді екінші ұлы шаңырақ көтерген. Ол Арайлым есімді қызға үйленген. Тойға белгілі әншілер Айгүл Иманбаева, Меруерт Түсіпбаева, Алма Аманжолова, Гүлзира Айдарбекова, Индира Расылхан және басқа да өнер жұлдыздары қатысқан. Ал келіннің бетін Керімбекованың анасы ашқан.