«Мойындамаймын»: Ақбота Керімбекова жас әншілерді сынап тастады
Белгілі әнші Ақбота Керімбекова бұл пікірін «1001 түн» бағдарламасында айтты, деп жазады Elorda.info.
Ол сахнада жүрген әншілердің 70-80 пайызы оқымаған, сауаты жоқ, сын көтере алмайтынын жеткізді.
-->Белгілі әнші Ақбота Керімбекова бұл пікірін «1001 түн» бағдарламасында айтты, деп жазады Elorda.info.
Ол сахнада жүрген әншілердің 70-80 пайызы оқымаған, сауаты жоқ, сын көтере алмайтынын жеткізді.
Өнердің қадірі кеткен уақыт болып тұр. Қазақтың әнін, үнін, поэзиясы мен небір мықты ақындарын қазіргі жас әншілер бағаламайды. Сол себепті мен оларды мойындамаймын, мойындағым да келмейді. Мен музыкалық мектепте оқыдым, Темірбек Жүргенов атындағы академияда білім алдым. Менің бұл салада сауатым бар. Өнерлі адамдарды танымал етіп, әнші қалатын, тойына шақыратын халық. Сол әншілерді тойына шақырған кезде маған «зейнетке шыға берем-ау» деген ой келеді. Сонда Өнер академиясы мен консерватория не үшін керек? Сахнаның 70-80%-ы оқымаған, сауаты жоқ, сын көтере алмайтын әншілер, – дейді әнші.