Шоу-бизнес

Данэлия Тулешова АҚШ жұртын өнерімен тәнті етті (ВИДЕО)

Қазақстандық жас әнші Данэлия Тулешова АҚШ-та өнер көрсетті, деп хабарлады Elorda.info.

«America's Got Talent» байқауының ресми парақшасында әншінің өнер додасының жаңа маусымына қатысқан сәтінен бейнежазба жария болды.

Ол 2020 жылы «America's Got Talent» танымал американдық таланттар шоуына қатысқан болатын. Қазылар алқасын тәнті етіп, сайыстың ақтық кезеңіне жолдама алған еді.

Жас орындаушы NBC арнасының тікелей эфирінде өткен шоудың XV маусымының финалына жетті. Осы орайда Данэлия Тулешова аустралиялық әнші Сиа-ның Alive әнінің кавер нұсқасын орындады.

Жас орындаушының өнері қазылар алқасын тәнті етті. Олар көрермендермен бірге тікесінен тік тұрып қол соқты.

-->