Шоу-бизнес

«Кінәлілер жылуы жоқ түрмеде жазасын өтейтініне сенемін»: Димаш Екібастұздағы жағдай туралы ойын айтты

Димаш Құдайберген Екібастұздағы жағдай туралы өз ойын ашып айтты. Оның айтуынша, кінәлілер жауапқа тартылуы тиіс, деп хабарлады Elorda.info.

Әнші Екібастұз тұрғындарының жағдайы үшін алаңдаулы екенін аңғаруға болады.

Еске сала кетейік, 27 қарашада Екібастұздағы жылу-электр орталығында қазандықтар істен шығып, тұрғындар жылусыз қалған еді. Нысан олигарх Александр Клебановқа тиесілі.

-->

Екібастұздағы халықтың жағдайы үшін алаңдап отырғанымды айтпасам да түсінікті болар. Менің парақшамды көптеген басқа мемлекеттің адамдары оқитын болғасын, ішкі мәселемізді сыртқа шығарғым келмеп еді, бірақ мына далада қалған аналарымыздың көз жасы зая кетпесін десеңіздер, ЖЭО басшысынан бастап, кінәлілердің барлығы жауапқа тартылып, жылуы жоқ түрмеде жазасын өтейді деп сенемін… – деп жазды ол Instagram-парақшасында.

Еске сала кетейік, 27 қарашада Екібастұздағы жылу-электр орталығында қазандықтар істен шығып, тұрғындар жылусыз қалған еді. Нысан олигарх Александр Клебановқа тиесілі.