Шоу-бизнес

Танымал ақын Жүрсін Ерман жансақтау бөлімінде жатыр

Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының төрағасы, белгілі ақын Жүрсін Ерман жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Оның ауруханада жатқаны туралы жыршы-термеші, айтыскер ақын Дидар Қами әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Жүрсін Ерманның денсаулығына қатысты пікір білдірген министр Ажар Ғинияттың айтуынша, қазіргі сәтте ақынға тиісті ем-дом жасалып жатыр.

-->

Жүрсін Ерман әкеміз жансақтау бөліміне түскелі дұғамызды үзбей, ағамыздың дертінен құлан-таза айығып кетуін Жаратқаннан жалбарынып сұраудамыз. Сіздер де дұғаларыңызға қосып, ағамызға Алладан амандық сұрасаңыздар екен, - деп жазды Дидар Қами.

Жүрсін Ерманның денсаулығына қатысты пікір білдірген министр Ажар Ғинияттың айтуынша, қазіргі сәтте ақынға тиісті ем-дом жасалып жатыр.

Жүрсін ағамыздың денсаулығы толық бақылауда, ауру асқынып, сепсиске айналыпты. Дәрігерлер қарап жатыр, тиісті ем жасалуда. Уақыт пен сабыр керек, - деді А. Ғиният.