Шоу-бизнес

«Шетелге көшетін шығармыз»: Айсәуле Бақытбек не үшін жалдамалы пәтерде тұратынын айтты

Баян Алагөзованың қызы, блогер Айсәуле Бақытбек жалдамалы пәтерде тұратынын, өйткені ипотека алғысы келмейтінін айтты, деп жазады Elorda.info.

Ол Instagram-парақшасында оқырмандарын қызықтырған сұрақтарға жауап берген. Желі қолданушыларының бірі блогерден не себепті жалдамалы пәтерде тұрып жатқанын сұраған.

-->

Бұл барлығын алаңдатады деп ойламаппын. Бұл – рас, бірақ бұл – біздің таңдауымыз. Ипотека алғымыз келмейді. Бізге бәрі ұнап жатыр. Біз «қандай болса да өз үйіміз» деген ұстанымдағы жандар емеспіз. Біз тұратын жерімізді өзіміз таңдағымыз келеді. Кенеттен шетелге көшуді шешіп, сол жақта тұрып көретін шығармыз. Алаңдамаңыздар, біздің өз баспанамыз да бар, - дейді Айсәуле Бақытбек.