Шоу-бизнес

Бас продюсер «Келінжан» телехикаясын түсіруге «Ананди» «кінәлі» екенін айтты (ВИДЕО)

Халықтың көзайымына айналған «Келінжан» телехикаясының төртінші маусымы көрерменге жол тартты. Осы ретте «Хабар» арнасының «Айнаline» жобасына ене мен келін тақырыбы аясында, телехикаяның бас продюсері Гүлнұр Мамасарипова мен сериалда Күлімхан апаның рөлін сомдаған актриса Лейло Бекназар сұхбат берді, деп хабарлады Elorda.info.

Туындыны түсіруге отандық телеарнадан бірнеше жылға созылған үндінің «Келін» телехикаясы себеп болыпты.

Бұған дейін телехикая 15-20 серияға созылса, төртінші маусымда көрерменді 40 сериямен қуантпақ. Дана ененің рөлін сомдаған Лейло Бекназар нағыз қазақи ананың бейнесін көрсетуге тырысқанын атап өтті. 

Гүлжан Уалиева

-->

«Келінжанды» түсіргенімізге Ананди кінәлі. Бір кездері бар қазақ жабылып, үндінің бітпейтін сериалын көрді. Сол кезде қандай да бір қатты сюжеті жоқ, жарқ-жұрқ еткен сериал неге қазақтың аудиториясына сонша жақын болды екен деп ойладым. Кейін келін тақырыбы шығар деп түсіндім. Біз неге өзіміздің қазақтың келінін көрсетпейміз деген ойдан туындады, - деп ағынан жарылды продюсер.

Бұған дейін телехикая 15-20 серияға созылса, төртінші маусымда көрерменді 40 сериямен қуантпақ. Дана ененің рөлін сомдаған Лейло Бекназар нағыз қазақи ананың бейнесін көрсетуге тырысқанын атап өтті. 

Теледидардан аналардың, апалардың, енелердің образын ұрысқақ, жалмаңдап қалған етіп көрсетіп кетті. Қазақтың анасы дана, ақылды, мейірімді ғой. Гүлнұрмен ақылдаса келе, осылай бердік, – дейді актриса. 

Гүлжан Уалиева