«Мөлдір Әуелбекова қайтыс болды»: оқиғаның мән-жайы анықталды
Әншінің өзі бұл жалған ақпаратты, теріске шығарып, бірден жоққа шығарып, оны таратқан жандардың пасық әрекетіне жаға ұстады.
Мөлдір Әуелбекова белгісіз біреулердің таратқан қаралы хабарына қатысты пікір білдіріп, Instagram желісі арқылы жанкүйерлеріне өзінің жағдайы туралы айтты. Әнші өзін уайымдап, қам жеген оқырмандарын жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.
Белгілі болғандай, әлдекімдер Youtube желісінде арнайы видео жариялап, әншінің жол апатынан «қаза тапқанын» жазған.
-->Әншінің өзі бұл жалған ақпаратты, теріске шығарып, бірден жоққа шығарып, оны таратқан жандардың пасық әрекетіне жаға ұстады.
Мөлдір Әуелбекова белгісіз біреулердің таратқан қаралы хабарына қатысты пікір білдіріп, Instagram желісі арқылы жанкүйерлеріне өзінің жағдайы туралы айтты. Әнші өзін уайымдап, қам жеген оқырмандарын жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.
Белгілі болғандай, әлдекімдер Youtube желісінде арнайы видео жариялап, әншінің жол апатынан «қаза тапқанын» жазған.
Бүгін күні бойы маған алаңдап хабарласып жатқандарыңызға рахмет. Аллаға шүкір тірімін. Осындай жалған ақпарат таратқан адамға дауа жоқ, - деп жазды әнші.