«358 мың теңге»: Жұлдыз Әбдікәрімова мектеп формасының бағасына шағымданды
Актрисаның айтуынша, министр айтқан 35 мың теңгеге мектепке керек заттардың барлығын алу мүмкін емес.
Өнер иесі халық айтқан бағасы арзан дүкенге барып көргенін айтты. Айтуынша, ол жерден 4 галстук пен бір белдік алып, оның өзіне 16 мың теңге төлеген.
Әбдікәрімова ең соңында үш баланың мектеп формасына 358 мың теңге жұмсағанын айтты.
-->Актрисаның айтуынша, министр айтқан 35 мың теңгеге мектепке керек заттардың барлығын алу мүмкін емес.
Адам көп, таңдау жоқ деуге болады. Министрдің мектеп формасын алуға 35 мың теңгені қалай жеткізгені туралы кім біледі? - дейді Жұлдыз.
Өнер иесі халық айтқан бағасы арзан дүкенге барып көргенін айтты. Айтуынша, ол жерден 4 галстук пен бір белдік алып, оның өзіне 16 мың теңге төлеген.
Министрді қаралау мақсатым емес. Ол кісінің жұмысына, білім саласына әкелген тың өзгерістеріне ризамын. Байқасаңыздар, билік өкілдерінің ешқайсысына жақын емеспін. Бірақ осы министрдің жүзі жылы, оқыған, көрген, білімді адам деп қабылдаймын.
Ал мектеп формаларының арзан емес екені шындық. Өз басым туғаныма жақпаса да, шындықты айтқанды ұнатамын. Сондықтан қазіргі халықтың шындығы – мектеп формасының қолжетімсіздігі.
«Президент келе жатыр», «министр келе жатыр» деп, ең жақсы дүниесін шығарып, арзандатып қоятындар бар. Сөйтіп, «Керемет Қазақстанды» көрсетіп қояды. Ал қарапайым халық келсе, «Реально Қазақстанға» түседі, - дейді Әбдікәрімова.
Әбдікәрімова ең соңында үш баланың мектеп формасына 358 мың теңге жұмсағанын айтты.
Оның өзінде қажетті киімнің бәрін алмадым, - дейді Әбдікәрімова.