Шоу-бизнес

«Жаңа тоқалы ма»: Қайрат Нұртас қырғыз қызын құшақтап, сүйіп алды (ВИДЕО)

Қайрат концертте сахнаға суырылып шыққан жап-жас қырғыз қызын құшағына қысып, маңдайынан сүйіп, суретке түскен.  Ал танымал әнші бұл сәтте өзінің репертуарындағы «Ауырмайды жүрек» әнін орындап тұрған.

Бір-біріне қарап мәз болған қырғыз қызы мен Қайраттың бұл әрекетін оқырмандары жақтырмай, сынға алды. Оқырмандардың бір тобы әншіні жақтап, мұнысы оғаш қылыққа жатпайды десе, енді бір тобы оның бұл әрекеті дұрыс емес екенін айтуда

-->

«Өзінің қарындасы болмағасын қарындасындай көріп тұрғаны ғой. Бұл – сыйластық», «Артық ештеңе жоқ, ілтипатын білдіріп, маңдайынан сүйді, белінен емес, арқасынан ұстады. Ағалық көңіл екені көрініп тұр», «Көрінген қызды сүйіп не керек?», «Бір-біріне жабысып тұрғандары не мынау?», «Жаңа тоқалы ма», «Мына қыз қатыны барын біле тұра жабысып тұр, сұмдық қой», «Бұл адам болмайды», -   деп жазды желі қолданушылары.