Шоу-бизнес

Мөлдір Әуелбекова ұлына әке болып жүрген адам туралы шындықты айтты

Тұңғышы 5 айға толғанда бірінші күйеуі Арыстан отбасын тастап кеткен. Сол уақыттан бері ұлының анасы да, әкесі де – Мөлдірдің өзі. Бүгінде қолы босай қалса, бар уақыты мен көңілін балаларына арнауға тырысады. Өткен демалыс күндері тұңғышы Салтайды алып, балық аулауға барған.

Желі оқырмандары перзенттерін жалғыз тәрбиелеп отырған әншіге қолдау көрсетті.

-->

Ұлыма әке болған түрім ғой. Балыққа барып, қармақ ұстауды үйреніп, тез икемденіп кетті. Салтай құлыныма қатты ұнағандықтан, жылына екі рет балыққа барамыз деп келістік. Салтайға ұнағанның бәрін қолымнан келгенше жасаймын деп уәде еттім! - деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Желі оқырмандары перзенттерін жалғыз тәрбиелеп отырған әншіге қолдау көрсетті.

«Қызым саған әйел бақытын тілеймін, балапаның саналы азамат болып өссін!», «Мөлдір, балапандарыңа бақытты балалық шақ тілеймін, сен мықтысың», «Жарайсың, ана деген сол, бауыр еті баласы үшін бәріне барады. Осы видеоны көріп, міндеттерін орындамаған әкесі намыстана ма екен?», «Мөлдір әке де, ана да бола алады», «Сенің қолыңнан келеді»,  «Осы балаларыңның рахатын көр, бақытты бол! Барлық жақсылыққа лайықсың!» - деп жазды желі қолданушылары.