Шоу-бизнес

Баян Алагөзова танымал актермен тағы да сүйісіп, ұятқа қалды (ВИДЕО)

Продсер бұл жолы отандық кинокомедияда басты рөлдердің бірін сомдаған. Түсірілім алаңындағы серіктесі – актер Қуандық Шәкіржанов.

Баян мен Қуандықтың осыған дейін сүйіскен видеосы желіні шулатқан еді. Хайп жасауда алдына жан салмайтын продюсер мақсатына жетсе керек, ол әрекетін тағы да қайталауға бел буыпты. Алайда жасы 50-ге таяған әрі тұрмыстағы продюсердің бұл әрекетін көпшілік құптамай отыр.

-->

«Үлкен кісіге біртүрлі екен», «Ол еркекті ақыры ажырастырып тынбаса болыпты», «Ұят-ай, масқара, ұл қыздары, келіншегі бар шығар», «Қандай жиіркенішті», «Ұят жоқ», «Ойбай, Қуандық аға, қартайғанда осындай рөл бұйырған ба», «Адам ақша үшін не істемейді», - деп жазды желі қолданушылары.